Credits

PERFORMING ARTISTS
Серғазы Нұржанұлы
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Серғазы Нұржанұлы
Songwriter
Rakhymzhan Amantay
Rakhymzhan Amantay
Songwriter

Lyrics

Қыз:
Сен бар кезде балдаймын,
Арайлаған таңдаймын…
Сен бар кезде мұңайып,
Жалғызсырап қалмаймын…
Жүректегі сезімді,
Сөзбен жеткізе алмаймын…
Алмаймын…
Жігіт:
Сен болмасаң, мәнсіз күн,
Жүрегімде сансыз мұң…
Сен бар кезде қамсызбын,
Сен болмасаң жансызбын…
Сен бар кезде мықтымын,
Сен болмасаң әлсізбін…
Әлсізбін…
Қ/сы:
(Бірге)
Сен ғана, мені күліп қарсы алатын,
Көргенде, сүйсінетін, тамсанатын…
Өзіңмен, өту керек әр сағатым…
Сүйгенім, сүйгенім…
Қыз:
Бақытым деп санадым,
Жүрегің боп соғамын…
Жаным бәрін жасайсың,
Мөлдіресе жанарым…
Сенсің менің қалауым,
Сенсің менің адамым…
Адамым…
Жігіт:
Мен сен үшін ғанамын,
Сен туралы бар әнім…
Өмірімді арнаймын,
Көңіліңді табамын…
Сенсің менің қалауым,
Сенсің менің адамым…
Адамым…
Written by: Рахымжан Амантай, Серғазы Нұржанұлы
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...