album cover
Akeshim
album cover
Akeshim was released on March 28, 2025 by Turan Media as a part of the album Akeshim - Single
ReleasedMarch 28, 2025
LabelTuran Media
BPM92
Melodicness
Acousticness
Valence
Danceability
Energy

Music Video

Music Video

Lyrics

Әкешім, отыздан асып барам.
Қырлармен, таулардан асып балаң.
Бұл сенің маған берген мінезің, әке.
Бұл бес күндік өмір, әттең-ай,
Уақыт өтеді зымырап.
Күндердің бір күні аямай,
Тағдыр жолдары жаралап.
Бұл бес күндік өмір, әттең-ай,
Уақыт өтеді зымырап.
Күндердің бір күні аямай,
Тағдыр жолдары жаралап.
Әке, бүгін тағы жаралы балаң.
Ерте сынды қанаттарым самғаған.
Бір қанатым – өзің, бір қанатым – анашым.
Тек беретін сөзім – бекер болмас сенің жалғасың.
Әкешім, отыздан асып барам.
Қырлармен, таулардан асып балаң.
Бұл сенің маған берген мінезің, әке.
— Балам,
Өзгенің ала жібін аттама.
Сені сүйген жүректі таптама.
Жүрмегін жалғанда мақтана.
Жаманды жақтама, қараны ақтама.
Ойлана қадамыңды бас, бала.
Пәлекетке толы, білсең, бұл дала.
Жаулардың мекені айнала,
Қалмағын алдана, бұл өмір – жәй ғана.
Ақыл-өсиетіңе зар болдым, әкешім, асқар тауым.
Қалқанымдай баталарыңа мұқтаж болды бүгін ұлың.
Әке, бүгін тағы жаралы балаң.
Ерте сынды қанаттарым самғаған.
Бір қанатым – өзің, бір қанатым – анашым.
Тек беретін сөзім – бекер болмас сенің жалғасың.
Әкешім, отыздан асып барам.
Қырлармен, таулардан асып балаң.
Әкешім, отыздан асып барам.
Қырлармен, таулардан асып балаң.
Бұл бес күндік өмір, әттең-ай,
Уақыт өтеді зымырап.
Күндердің бір күні аямай,
Тағдыр жолдары жаралап.
Бұл бес күндік өмір, әттең-ай,
Уақыт өтеді зымырап.
Күндердің бір күні аямай,
Тағдыр жолдары жаралап.
Written by: Мирхидай Мирфарух Миркадыроглы
instagramSharePathic_arrow_out􀆄 copy􀐅􀋲

Loading...