album cover

Tenge

80Hip-Hop/Rap2025
album cover
Tenge was released on August 8, 2025 by 3k by "Закрытый клуб" as a part of the album Tenge - Single
ReleasedAugust 8, 2025
Label3k by "Закрытый клуб"
BPM
Melodicness
Acousticness
Valence
Danceability
Energy

Lyrics

Түсінем, бөлек ішкі дүниең
Тіке десең, мұнда бәрі көлденең
Бүкіл әлем, тәуелді теңгеден
Шүкір білем, тек өзіңе сен
Түсінем, бөлек ішкі дүниең
Тіке десең, мұнда бәрі көлденең
Бүкіл әлем, тәуелді теңгеден
Шүкір білем, тек өзіңе сен
Тарихтың өзінде көп рөл атқарды мал-мүлік
Қазақтың байлығы ол жайылып жүрген төрт-түлік
Астыңдағы тұлпар көлік, ірі малдың етінен бөлік
Қыстауға арналған бастағы қымбат мақпал бөрік
Ал қазір, жиырма бірінші ғасыр
Біреуі тақсыр, біреуі қасқыр, біреуі жүр мефтен сасып
Мықты әлсізді басып, әлсіз отыр басын қасып
Ақшасы барлар күнде кешке қазы мен ет асып
Қалтаң көтермесе ешкімге сен қызық емессің
Қайтадан төлемесең жүрген жәй ғана емессің
Алысты не істейін теңгесіз тумаң араласпайды
Әр істі естимін ақшасы барлар жазаланбайды
Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды, түрлі night
Түрлі fight, өтірік сайт, әркімде әр түрлі жәйт
Теңге жасаймын деп қиналып жатыр көрерменге
Өнер өзім үшін, отбасыма жасайын теңге
Түсінем, бөлек ішкі дүниең
Тіке десең, мұнда бәрі көлденең
Бүкіл әлем, тәуелді теңгеден
Шүкір білем, тек өзіңе сен
Түсінем, бөлек ішкі дүниең
Тіке десең, мұнда бәрі көлденең
Бүкіл әлем, тәуелді теңгеден
Шүкір білем, тек өзіңе сен
Деп жатамыз кейде ақша қолдың кірі
Материалдық құндылық ақ пен қараның түрі
Қазақтың бітпейтін жыры, күйбең тіршілік
Ұранымыз үйім шетте, жоқ ауызбіршілік
Бәрімізде еңбек таңнан кешке дейін
Әр қазағым бай болу керек басқасын білмеймін
Өкініп қалмайық кейін, адамдардың алдында сыйың,
Қалтада тиын, болмаса баста миың, жағдай қиын
Мал мүлік, мансап, дүние, теңге
Шал көлік аңсап, терлеп тыңдап терме,
Алтын көрсе періште жолдан таяды
Соқыр адамға алтын қолындағы аса таяғы (Теңгеее)
Сол себепті де көзді тойдыртатын топырақ
Ал біз жүрміз әлі қопырап
Дүния емес, тықылдаған уақыт қымбат
Алтыннан да артық арттағы үрім бұтақ
Түсінем, бөлек ішкі дүниең
Тіке десең, мұнда бәрі көлденең
Бүкіл әлем, тәуелді теңгеден
Шүкір білем, тек өзіңе сен
Түсінем, бөлек ішкі дүниең
Тіке десең, мұнда бәрі көлденең
Бүкіл әлем, тәуелді теңгеден
Шүкір білем, тек өзіңе сен
Written by: Lucas Ruchniewicz, Кошкаров Таган Рахатович

Shazam Footer

Select language:
Google Play Store
Apple App Store
Chrome Web Store
Galaxy Store

Follow Us

Loading...