album cover
Almatym
album cover
00:00
00:05
00:25
00:35
01:00
01:20
01:25
01:30
01:40
01:45
03:25
00:00
03:52
Past 7 Days
Almatym was discovered most frequently at around 35 seconds into the song during the past week

Music Video

Music Video

Lyrics

Қанша жанның ынтық қылған жүрегін
Қанша жүрек әлі таппай жүр емін
Ешкімнің де орындамас тілегін -
Қатігездеу Алматым
Кәрі таулар тыныштығын күзеткен
Ешкімді де қарсы алмайтын ізетпен
Талай-талай бұзықтарды түзеткен -
Тәкаппарлау Алматым
Бірде теуіп, бірде тартар өзіне
Бұл қаладан кете алмайсың безіне
Күлдіріп ап, жас толтырар көзіңе -
Құбылмалы Алматым
Байлап алар көрінбей-ақ, байқалмай
Бір ауыз сөз қаларсың-ау айта алмай
Жүрегіңді тартып алар қайтармай -
Ұмытылмас Алматым
Қанша жанды адастырып тұрақтан
Талай-талай биіктерді құлатқан
Талай-талай мықтыларды жылатқан -
Ерке-шолжаң Алматым
Өткізіп ап талай түрлі сынақтан
Қанша жанды жылатып ап, жұбатқан
Көзді тартқан сонау алыс жырақтан -
Тым мейірбан Алматым
Бірде теуіп, бірде тартар өзіне
Бұл қаладан кете алмайсың безіне
Күлдіріп ап, жас толтырар көзіңе -
Құбылмалы Алматым
Байлап алар көрінбей-ақ, байқалмай
Бір ауыз сөз қаларсың-ау айта алмай
Жүрегіңді тартып алар қайтармай -
Ұмытылмас Алматым
Written by: Arshat Khairolla, Mary Huvanna
instagramSharePathic_arrow_out􀆄 copy􀐅􀋲

Loading...