音乐视频

音乐视频

制作

出演艺人
Asylzhan Abdulla
Asylzhan Abdulla
表演者
作曲和作词
Asylzhan Abdulla
Asylzhan Abdulla
词曲作者

歌词

Сыңарымсың, жыр-әнімсің,
тұмарымсың тағынған.
Шыңға біткен шынарымсың,
Шырағымсың жағылған.
Менің сансыз сұрағымсың,
Оң шешімі табылған.
Көздеріңнен сыр ағылсын,
Алыстама жанымнан.
Біз бірге жүрейік,
Еріксіз күлейік,
Жазықсыз жыламайық қуанайық.
Бақытқа барайық,
Шын ләззат алайық,
Ол үшін біз екеуміз бір болайық!
Мен ұнатқан ән мен күйсің,
Әсем гүлсің ашылған.
Жалғыз өзің келгендейсің,
Өткен алтын ғасырдан.
Талғамыңа тең болайын,
Кетпе менің қасымнан.
Жердегі айым, мен болайын
Сен сүйетін асыл жан.
Біз бірге жүрейік,
Еріксіз күлейік,
Жазықсыз жыламайық қуанайық.
Бақытқа барайық,
Шын ләззат алайық,
Ол үшін біз екеуміз бір болайық!
Біз бірге жүрейік,
Еріксіз күлейік,
Жазықсыз жыламайық қуанайық.
Бақытқа барайық,
Шын ләззат алайық,
Ол үшін біз екеуміз бір болайық!
Written by: Asylzhan Abdulla
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...