精选于

制作

出演艺人
jeltoksan.
jeltoksan.
表演者
Hey Monro
Hey Monro
表演者
作曲和作词
Bagytzhan Beksultan
Bagytzhan Beksultan
词曲作者
Омарова Асель
作曲
Шекеров Бекболат
词曲作者
Жетекбай Болат
词曲作者

歌词

О, байтақ дала, көрмедің тыныш заманды (М-м-м)
Шіліңгір ыстық, сұп-суық айдың нұрында
Қайғыдан-мұңнан жердің де жүзі қабарды
Сен туып-өскен, бабалар өткен бұрында
Қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
Сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
Сағыныш деген сезіммен олар керемет
Атажұртпенен қиялда ғана беттесіп
Ай-и-и-и-и
Ай-и-и-и-и
Ай-һай, ай-һай, даридай
Күн күйдіргенде дүние тегіс жалындап (Ай)
Төгілген қанды сіміріп жатыр айтақыр
Жастығын алып жығылып, мәңгі дамылдап
Таппады тыным астында айдың қай батыр? (Ай)
Таппады тыным астында айдың қай батыр?
Кіндіктің қаны киелі нәр деп білемін (М-м-м-м-м)
Түйіршігінде – жусанның иісі, анқыған (Ай)
Отаның аман – тұрғанда соғып жүрегің
Ажал да алыс арайлап атса әр таңың
Қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
Сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
Сағыныш деген сезіммен олар керемет
Атажұртпенен қиялда ғана беттесіп
Ай-и-и-и-и
Ай-и-и-и-и
Ай-һай, ай-һай, даридай
Сан қасіретке қыңқ етпес айдын тақырлар
Естіді соңғы есіл бір ердің ұранын
Тоқымдай жерін қорғаумен өлген батырлар
Астында айдың тапты ғой бақи тұрағын (Ай)
Астында айдың тапты ғой бақи тұрағын
Written by: Bagytzhan Beksultan, Жетекбай Болат, Омарова Асель, Шекеров Бекболат
instagramSharePathic_arrow_out