制作

出演艺人
Нұрлан Айханұлы
表演者
Алдияр
表演者
Азиз
表演者
作曲和作词
Мұқағали Мақатаев
词曲作者
Мұратқан Егінбаев
词曲作者

歌词

Құмған алған
Суға барған
Сұлуымды сағындым.
Сырғаланған,
Қуған арман.
Құлынымды сағындым.
Түйнектер мен
Жидек терген,
Нуларымды сағындым.
Үйректермен
Иректелген,
Суларымды сағындым.
Тынып тіптен,
Түлік біткен,
Жусағанын сағындым.
Жиі беттен
Сүйіп өткен,
Қыр самалын сағындым.
Безінбейтін,
Сезінбейтін
Аңғал кезді сағындым.
Өзім дейтін,
Сезім дейтін -
Жанған көзді сағындым.
Written by: Мұратқан Егінбаев, Мұқағали Мақатаев
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...