制作
出演艺人
Kyle Ruh
表演者
作曲和作词
Ерік Төленов
词曲作者
Ihlas Nugmetov
编曲
歌词
Біздің елде қапырық
Ақшасы бар батырады
Сұрақтарға тойдым мен
Бөлісейін достар
Сәби жыласа бақырып
Жұбатушы ек шақырып
Өзгенің баласы деп
Қазір өтеміз ақырын
Аспан, аспан түнде жанады, жылтырайды
Көк тәңірден биік ұшуды сұрадық
Ата-ана болуға әлі дайын болмадың
Айтшы кінәсі не байқұс баланың?
У-у-у, мейіріммен сүре алмаймыз
У-у-у, тап-таза қала алмаймыз
Күнмен ойна, күнмен ойна
Дейді әжем
Адассаң оңға жүр
Тәңір неге періштені сынайды?
Жетім бала тығылып, әр түні жылайды
Анасын іздеп, ол айдан сұрайды
Жауап таппай, қараңғыны дос қылып байлайды
Жапырағын жұлсаң, тал да жылайды
Айтыңдаршы қазір мейірім қайда?
Мұңға шақырып, жалғыздық сыбырлайды
Көздері оның әділетсіздіктен жылайды
Ең бай жер, ең кедей ел қалай құтқарамыз?
Қашан енді несиеден құтыламыз?
Қашан семірген аш көздерден арыламыз?
Тәуелсіз елде тұрсақ та, тарыламыз
Таудан домалаймыз жусан тәріздес
Өтірік достар жоғалады тез-тез
Адассаң, бақыт - бұл сұрақтар кестесі
Менің ойымды түсініксіз деме, кеспеші
У-у-у, қарлығаштай ұша алмаймыз
У-у-у, нәпсіні тыя алмаймыз
Күлмен ойнама, күлмен ойнама
Дейді әжем
Адассаң оңға жүр
Тәңір неге періштені сынайды?
Жетім бала тығылып, әр түні жылайды
Анасын іздеп, ол айдан сұрайды
Жауап таппай, қараңғыны дос қылып байлайды
Жапырағын жұлсаң, тал да жылайды
Айтыңдаршы қазір мейірім қайда?
Мұңға шақырып, жалғыздық сыбырлайды
Көздері оның әділетсіздіктен жылайды
Мейірім
Мейірім
Мейірім керек
Мейірім
Мейірім
Мейірім
Мейірім керек
Тәңір неге періштені сынайды?
Жетім бала тығылып, әр түні жылайды
Анасын іздеп, ол айдан сұрайды
Жауап таппай, қараңғыны дос қылып байлайды
Жапырағын жұлсаң, тал да жылайды
Айтыңдаршы қазір мейірім қайда?
Мұңға шақырып, жалғыздық сыбырлайды
Көздері оның әділетсіздіктен жылайды
Written by: Ерік Төленов