積分
演出藝人
迪瑪希Dimash
演出者
詞曲
阿斯哈爾·杜依山布
作詞
歌詞
Асқақ белес басқан ізің гүл ме екен
Дәтім барда дәрменім жоқ тілге тең
Мың жұлдыздың арасында жарқ еткен
Тағдырымның тартқан сыйы кім екен
Көрінші, көркемім
Жанымды өртедің
Шуақтың нұрысың
Сен қандай өлкенің?
Көрінші, кел маған
Қолыңды бер маған
Гүлі бол сертіме бұл кең далам
Гүлі бол сертіме бұл кең далам
Дауасы жоқ кешті бастап ай туды
Бір өзіңмен тең көремін айжұлдыз
Сенің жүзің менің мəнгі жанымда
Менің көзім жанарыңа байлаулы
Көрінші, көркемім
Жанымды өртедің
Шуақтың нұрысың
Сен қандай өлкенің?
Көрінші, кел маған
Қолыңды бер маған
Гүлі бол сертіме бұл кең далам
Гүлі бол сертіме бұл кең далам
Сен шолпанымсың таңдағы
Сен аяулымсың, алтыным
Сен өмірімнің мəні өзің
Жарқыра, жайнай бер менің мəңгі өмірім.
Көрінші, көркемім
Жанымды өртедің
Шуақтың нұрысың
Сен қандай өлкенің?
Көрінші, кел маған
Қолыңды бер маған
Гүлі бол сертіме бұл кең далам
Гүлі бол сертіме бұл кең далам
Written by: Асқар Дүйсенбі

