積分

演出藝人
A.Boo
A.Boo
演出者
詞曲
Ілия Жақанов
詞曲創作

歌詞

Алаулап күн батса қырды асып
Кетуші ек, қалқатай, сырласып
Ұмытсам сол күнді,
Сол күнді кеш мені
Есте ғой, дариға,
Жайлаукөл кештері
Ай туып, жұлдыздар жанғанда
Қол созып көктемгі арманға
Жүрген кез жүректен,
Жүректен өшпеді
Жақсы еді, дариға,
Жайлаукөл кештері
Жүрген кез жүректен,
Жүректен өшпеді
Есте ғой, дариға,
Жайлаукөл кештері
Мүлгіген тыныштық, айдала
Шу бойы ырғалып жай ғана
Гүлдерді тербетіп
Самалдың ескені-ай
Аңсаттың, дариға,
Жайлаукөл кештері
Гүлдерді тербетіп
Самалдың ескені-ай
Аңсаттың, дариға,
Жайлаукөл кештері
Есте ғой, дариға,
Жайлаукөл
кештері
Written by: Ілия Жақанов
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...