積分

演出藝人
Izbasar Kenesov
Izbasar Kenesov
演出者
詞曲
Sayat Rakhymzhan
Sayat Rakhymzhan
詞曲創作

歌詞

Үні оның жанға дауа, сыңғырлайтын бұлақтай,
Жаныма оның жаны сезілетін жұмақтай,
Бақытты кезім еді.
Кетсек те бірімізден біріміз тым жырақтай,
Жүрегім басқа адамды жүр жанына жолатпай,
Үмітім үзілмеді.
Q-sy
Ол сондай сұлу еді,
Шаштары сүмбіл еді.
Бақшама ұшып келіп,
Сайраған бұлбұл еді.
Ал қазір жүр ол қайда?
Мекенін кім біледі?
Қырдағы бір гүл еді,
Мың жайнап, мың гүлдеді.
Бәлкім ол тыс ғаламнан,
Болуы мүмкін еді.
Ал қазір жүр ол қайда?
Мекенін кім біледі?
Ол барда менің жаным қаламайтын өзгені,
Күлгені маржан еді, жадырайтын көздері,
Ешкімге ұқсамайтын.
Неліктен жылы сезім суып кенет өзгерді,
Сағындым сол баяғы бірге жүрген кездерді,
Жүзіне жүз қарайтын.
Q-sy
Ол сондай сұлу еді,
Шаштары сүмбіл еді.
Бақшама ұшып келіп,
Сайраған бұлбұл еді.
Ал қазір жүр ол қайда?
Мекенін кім біледі?
Қырдағы бір гүл еді,
Мың жайнап, мың гүлдеді.
Бәлкім ол тыс ғаламнан,
Болуы мүмкін еді.
Ал қазір жүр ол қайда?
Мекенін кім біледі?
Written by: Sayat Rakhymzhan
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...