積分
演出藝人
Нұрсұлтан Төлеубай
演出者
詞曲
Әділет Әкімхан
作曲
Мұрат Пұшатайұлы
詞曲創作
歌詞
Уақыттың талабы тым-тым қиын,
Замананың шертеді сыршыл күйін.
Уақыт ол-парағы тарихтың,
Тарихтың парағын жырту қиын.
Елім десем түседі жерім еске,
Жерім десем түседі елім еске.
Туған жерге сіңеді маңдай терім,
Туған жермен жаралдым бөлінбеске.
Сенен бөтен ой да жоқ, сана да жоқ,
Сенен бөтен мекен жоқ, пана да жоқ.
Сенде жанған әр үйдің шамшырағы,
Көз алдымда жайнады самала боп.
Елім десем түседі жерім еске,
Жерім десем түседі елім еске.
Туған жерге сіңеді маңдай терім,
Туған жермен жаралдым бөлінбеске.
Written by: Мұрат Пұшатайұлы, Әділет Әкімхан

