積分
演出藝人
Жігер Ауыпбаев
演出者
詞曲
Бек Борбиев
作曲
Рүстем Қайыртай
詞曲創作
製作與工程團隊
Жігер Ауыпбаев
製作人
歌詞
Суретің ғана
Қалды менде нәзігім.
Құлағымнан кетер емес,
Сенің наз үнің
Суретің ғана
Сағыныштан қажыдым.
Сенен мүлде кете алмаймын
Оралар қазығым.
Көзсіз сүйдім сол ма жазығым?
Мен сені сүйем
Мен әлі де сені сүйем
Мен қазір сарқылмайтын сағыныштың
Отына күйем
Елеңдеп жүрмін
Мен сені келер деп жүрмін
Үмітімнің күні батса да
Қия алмай сені басқаға
Мен сені сағына күтіп жүрмін.
Көздерің ғана
Көктем жаздай жайнаған.
Оттан көйлек кигендеймін
Жүрек қайнаған.
Сөздерің ғана
Ояна сап ойға алам.
Ескірмейтін ертегімсің
Жіпсіз байлаған.
Жіпсіз байлаған.
Мені жіпсіз байлаған!
Written by: Бек Борбиев, Рүстем Қайыртай