積分
演出藝人
Ernar Amandyq
演出者
詞曲
Ernar Amandyq
詞曲創作
歌詞
Сағынып, күн-түн демей ақылдым
Сені ойлап, бүгін тағы жатырмын.
Бейнеңді бұлттан, жұлдызбен жазып атыңды
Жүрегімнен жыр жазбаққа жол тауып
Алты тілді аспабымды қолға алып
Саған айтпаған сырларым соған жолданып
Солай, мен де, ақылдым
Іштей тілеп жүрмін жақындық саған
Танытып кейпін кейде батырдың
Жетпей батылым, сағындым деуге мен де сені
Сен де, жаным
Жүрегімнің теңісің, сүйсең мені шын
Өз-өзіңмен келісіп, ішіңде сақта сырларыңды
Мен үшін, мен үшін
Сағынсаң, ол — менің жеңісім, жеңісім
Сенен талап етсем бола ма? Тым жақын арада
Қолын созса бәз біреу оған мүлде жолама
Мені күт сәулем, мені күт
Мені күт
Жүргенде, пәк күлкіңді естігім
Сен де мені ойлап жүр деп естідім
Сен жақтан жылы жел еседі, бәсе, кешқұрым
Адалдықтың туын көкке көтеріп
Ақ сезімнің түсірмедім еш құнын
Осылай, міне, өтуде менің бес күнім
Солай, міне, жақыным
Арада тұр алты шақырым ғана
Өр кеудемнің де жетпей батылы, аяқ тартылып
Баруға күнде саған менің
Сен де, жаным
Жүрегімнің теңісің, сүйсең мені шын
Өз-өзіңмен келісіп, ішіңде сақта сырларыңды
Мен үшін, мен үшін
Сағынсаң, ол — менің жеңісім, жеңісім
Сенен талап етсем, бола ма? Тым жақын арада
Қолын созса бәз біреу, оған мүлде жолама
Мені күт, сәулем, мені күт
Жүрегімнің теңісің сүйсең мені шын
Өз-өзіңмен келісіп iшіңде сақта сырларыңды
Мен үшін, мен үшін
Сағынсаң ол менің жеңісім, жеңісім
Сенен талап етсем бола ма? Тым жақын арада
Қолын созса бәз біреу оған мүлде жолама
Мені күт сәулем, мені күт
Мені күт, мені күт
Мені күт
Written by: Ernar Amandyq

