Lyrics

Көрінгенге көз болып Сөйлегенге сөз болып Заманға біз барамыз жат болып Сүрінсе біреу қуанып Алға шықса мұңайып Не боп барамыз бұл жалғанда Біздің өмір алдамшы бәрімізге Келейік ендеше бірге тәубемізге Өмір өмір өтер Зулап уақыт кетер Жинаған атақ даңқың қалар бос бекер Уақытың келмей тұрып тәубеңе сен кел Уақытың өтер зымырап Көзіңді ашып жұмғанша Қызығы кетер зуылдап Қартайып бір өзің қалғанда Заманға саймын деп жүріп Уақытты сен ұмытпа Мәңгі өмір жерде жоқ Дайын бол,келер сынаққа Алдамшы өмірге алданып Қалмашы сынақта адасып Өмір заңы қатал, бұл заманда Надан боп мына жарықтықта Ақірет барын ұмытпа Бәрі бәрі уақытша бұл жалғанда Біздің өмір алдамшы бәрімізге Келейік ендеше бірге тәубемізге Өмір өмір өтер Зулап уақыт кетер Жинаған атақ даңқың қалар бос бекер Уақытың келмей тұрып тәубеңе сен кел
Writer(s): Bekzat Birzhan Lyrics powered by www.musixmatch.com
instagramSharePathic_arrow_out