Credits
PERFORMING ARTISTS
Досбол Нұрылла
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Досбол Нұрылла
Songwriter
Lyrics
Қыста кетті, жаз кетті,
Сезген жоқсың қызғалдақ.
Бұл махаббат өзгертті,
Өзгермепсің қызғалдақ!
Қызғалдағым, қызғалдақ,
Армансың-ау талайға?
Қызғалдақты сізге арнап,
Гүл сыйласам жарайма?
Ақ көйлек Гүлшара,
Ойнағанын қара.
Шашың тарам-тарам,
Сағынғанда жаман.
Ақ көйлек Гүлшара,
Ойнағанын қара.
Шашың тарам-тарам,
Сағынғанда жаман!
Көзден кетсе көңілден,
Кетеді екен қызғалдақ.
Махаббатсыз өмірден,
Өтеме екен қызғалдақ?
Қызғалдағым, қызғалдақ,
Армансың-ау талайға?
Қызғалдақты сізге арнап,
Гүл сыйласам жарайма?
Written by: Досбол Нұрылла